«Атамекен» атты патриоттық диктант

18.10.2022

2022 жылы 18 қазан күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі»КМҚК кітапханасында «Атамекен» атты патриоттық диктант өтті. Іс-шараның мақсаты- қазақстандық патриотизмді, интернационализмді, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу; білім алушыларға Қазақстан-көпұлтты мемлекет деген түсінік беру; Отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, қазақ халқының мәдениеті мен мұрасына деген қызығушылықты тәрбиелеу; Қазақ және орыс тілдерін меңгеру және түсіну арқылы білім алушылардың ішкі әлемін байыту, ортақ ой-өрісін дамыту. Гуманитарлық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен патриоттық диктантқа 1 курс студенттері арасынан 53-ге жуық білім алушылар қатысты.



Текст
Виртуальная приемная