01.04.2025
Биыл Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Мереке Үкімет қаулысымен бекітілген «Ұлы Жеңіс: ерікке тағзым, ұрпаққа үлесі» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын дайындау және мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өтеді. Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Патриот» айлығы аясында ҰОС туралы бірқатар патриоттық кино көру ұйымдастырылады. Студенттер фильмдерді көру арқылы тарих беттерін ашып,Ұлы соғыс тарихының атмосферасына ену алады. 2025 жылдың 31 наурызында студенттер «Солдатик» фильмін тамашалады және көру барысында сол уақыттың ерлігі мен қиыншылығын жақсы түсініп, соғыс пен патриотизм туралы есте сақтаудың шын мәнін сезіне алды.

