" Көшедегі жасөспірім "

17.11.2022

2022 жылғы 16 қараша күні Покровка ауылдық округі аумағының учаскелік инспекторы А. Б. Елеусізов және колледждің әлеуметтік педагогы С. Г. Коноваловамен бірлесіп " Көшедегі жасөспірім" атты профилактикалық рейдтік іс-шара өткізіді. Іс-шараның негізгі мақсаттары заңды өкілдерінің және түнгі уақытта көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтау, колледж студенттерінің жалдамалы пәтерлерде тұру жағдайларын тексеру болып табылады. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда профилактикалық есепте тұрған отбасыларды әлеуметтік қауіпті жағдайдағы азамматтарды, сондай-ақ шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған азаматттарды тексерді. Профилактикалық рейд барысында балаларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар, студенттерге кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуын шектейтін қолданыстағы заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы еске салынды. Балалармен түсіндіру жұмыстарынан басқа, полиция қызметкерлері ата-аналарымен, сондай-ақ жалдамалы пәтер иелерімен профилактикалық әңгімелер өткізді



Текст
Виртуальная приемная