14 мамыр күні Ж. "Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК аясында «Басқаға көмектес» тақырыбында спорттық іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты — өзара қолдау, жауапкершілік және ынтымақтастықты дамыту болды. Ойынға 13 және 22 топ студенттері қатысты.
«Піл» ойыны — аула командалық ойыны. Ойынның шарты бойынша бір команда «пілді» бейнелесе, екінші команда олардың үстіне секіріп мініп, тепе-теңдікті сақтауы керек болды.
Ойын барысында студенттер әр командалық мүшенің рөлін, ортақ нәтижеге қосатын үлесін түсініп, өзара көмексіз жақсы нәтижеге жету мүмкін еместігін ұғынды.



