Ауыл шаруашылығы жоғары колледжіне депутаттардың келуі: сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық

11.07.2025

2025 жылдың 10 шілдесінде жұмыс сапары аясында КМҚК «Ж. Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжіне» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан құралған делегация келді. Делегация құрамында: Мәжілістің Аграрлық комитетінің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы – Егізбаев Серік Рахметоллаұлы; партия төрағасының орынбасары – Айтұғанов Қайрат Қапарұлы; партия төрағасының орынбасары, орталық аппарат басшысы – Құсманғали Ғалымжан Мұратұлы; ұйымдастыру-аумақтық жұмыс департаментінің директоры – Әділбек Ғани Нұрғабитұлы болды.

Сапар барысында депутаттар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін, агрономия зертханасын, оқу фермасын, сондай-ақ колледж музейін аралады. Ерекше назар «Жас маман» жобасы аясында құрылған Құзыреттер орталығына аударылды. Оның құрамына: ветеринария кабинеті, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтау зертханасы, JOHN DEERE тракторларын жүргізуге арналған жаттықтыру залы, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу зертханасы, модульдік мал сою пункті кіреді. Депутаттар жабдықтардың заманауи деңгейін және білікті кадрларды даярлаудағы кәсіби тәсілді жоғары бағалады.

Кездесу барысында орта буын болашақ мамандарын ветеринария, агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру, сүт және сүт өнімдерін өндіру, ет өнімдерін өндіру, орман шаруашылығы сияқты сұранысқа ие және әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша оқытудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Кездесу қатысушылары бұл мамандықтардың Қазақстан Республикасының еңбек нарығында аса қажет екенін және аграрлық сала мамандарына үлкен сұраныс бар екенін атап өтті.

Сапар соңында депутаттар колледж әкімшілігіне аграрлық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оқу орнының оқу-өндірістік базасын одан әрі нығайтуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.



Текст
Виртуальная приемная