19.11.2024 жылы “Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің” «Ақ қайын» жатақханасында «Махаббат туралы өлеңдермен сөйлесейік» атты іс-шара өтті. Өмірде жүректі шексіз ризашылық сезімі билеп, махаббат, алғыс сөздерін айтып, отбасы мүшелеріне немесе сүйіктілерімізге ерекше сезіммен, ықыласпен қарағың келетін сәттер болады. Өйткені махаббат – ең керемет сезім!!! Студенттер бұл кешті мәдени әрі мазмұнды өткізді. Жастар сурет байқауына қатысып, көпшілік сүйіп тыңдайтын махаббат туралы әндер мен өлеңдер шырқалды.