Республика күніне арналған мерекелік концерт

26.10.2023

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК акт залында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның салтанатты бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын сахнаға шығарудан және Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Содан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т. А. Дмитрик құттықтау сөз сөйледі. Концертте колледж оқытушылары мен қызметкерлерін еңбектері мен жетістіктері үшін марапаттау рәсімі өтті. Құттықтаулардан кейін колледж студенттері үлкен мерекелік бағдарламамен өнер көрсетті. Білім алушылар Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелейтін өлеңдер, патриоттық әндер, Республика күніне арнайы дайындалған билер ұсынды. Білім беру мекемемізде өте әсерлі де керемет концерт өтті, онда біздің колледж студенттері ғана емес, арнайы қонақтар да шақырылды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Осындай ұйымдастырылған концерт үшін алғысымызды білдіріп, баршаңызға бейбіт аспан, зор денсаулық және үлкен бақыт тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная