Балалық шақ мерекесі

03.06.2022

2022 жылдың 01 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күні колледждің студенттік Парламенті "Мен әлемді бояймын!" атты іс-шара өткізіп, оған Покровка орта мектебінің аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары шақырылды. Біздің колледжге әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 13 бала келді. Балалар мерекесі ептілікке, байқағыштыққа, жылдамдыққа, шығармашылық қабілеттерге арналған ойындардан, "Әуенді тап" конкурсынан және би флешмобы кіретін конкурстық ойын бағдарламасынан тұрды. Балаларға тәтті тағамдар ұсынылды, олар болса біздің студенттерге плакаттарға естелік суреттер қалдырды. Біздің кішкентай қонақтарымызға іс-шара өте ұнады, олар жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күйге ие болды. Балалар осындай іс-шараларға жиі шақырылуын тіледі.



Текст
Виртуальная приемная