«Жақсылық пен көктемгі күн мен түннің теңелуі мерекесі

16.03.2023

2023 жылғы 15 наурыз күні Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің "Ақ қайың" жатақханасының студенттері халықтың ұлы мерекесі, көктемгі жаңару мерекесі – Наурыз мерекесін атап өтті. Жатақхананың белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерттік бағдарлама қойды. Әсем әндер орындалды, тартымды өлеңдер оқылды, ұлттық билер биленді. Білім алушылар түрлі жарыстарға қатысты. Барлық қатысушылар жүлделермен марапатталды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар шай ішуге және мерекелік дискотекаға шақырылды.



Текст
Виртуальная приемная