Республика мерекесі – халықтың рухын көтеретін ұлық мереке!

22.10.2022

Биылдан бастап Республика күні ұлттық мереке. Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. 1990 жылы 25-қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз Тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Осыдан кейін «Республика күні еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек» деген ұран пайда болды. Қабылданған Декларацияда алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Сондықтан осы мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ. 2022 жылғы 22 қазанда Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нда Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараны өткізу барысында колледж ұжымы мен студенттері «Патриотизм дауысы» акциясын қолдады, онда әрбір азамат оң қолын жүрегіне қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады. Колледж директоры Бейімбет Жасұланұлы Бұғасов келе жатқан Республика күнімен педагогикалық ұжым мен студенттерді құттықтап, ұлттық мерекенің маңыздылығы мен өзектілігі атап өтті. Колледждің Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу құрметіне және адал қызметі үшін «Марапаттау туралы» бұйрығымен оқу орнының келесі қызметкерлері мен студенттері марапатталды: Разумная О.В., Никитин Н. Н., Оглоблин В. П., Разумная А. Ю., Мантуров В. А., Гетман А. Н., Крейцер М. Е., Шәкіров Ж. Е., Левшунов А., Асқаров А. Д., Генцель М. В., Руди А. М., Гордианов Д. С. Сондай-ақ: Облыстың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін білім басқармасының Алғыс хатымен О. А. Лазутина, Ю. А. Гильгенберг; Облыстың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін білім басқармасының Құрмет грамотасымен С. Г. Коновалова, С. К. Жұмағалиев марапатталды. Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Алайда 2009 жылы алынып тасталып, 2022 жылдың 16-шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, «25-қазан Республика күні» – ұлттық мерекеге, ал «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» – мемлекеттік мерекеге айналды. Бұл – тәуелсіздік күнін «еске алу», «қазалы күн» деген тіркестермен халық санасына сіңіру болып тұр. Биыл бәрі өзгермек. Әр мерекеге тарихи баға беріліп, халық санасына қозғау салатындай бағдар көрсетілді. 13 жылдан кейін оралған Республика күні бәрімізге құтты болсын!



Текст
Виртуальная приемная