Наурызды мерекелеу

15.03.2021

Наурыз мейрамы - жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Оны бес мың жылдан астам уақыт бойы көптеген халықтар, соның ішінде біздің республикамызда да көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде атап өтуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. «Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі: 14 наурыз – «Көрісу күні»; 15 наурыз – «Жайлау күні»; 16 наурыз – «Шежіре күні»; 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»; 18 наурыз – «Игі істер күні»; 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»; 20 наурыз – «Зияткерлік күні»; 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»; 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»; 23 наурыз – «Жоралғы күні».

12 наурызда біздің колледжде сәлемдесу күні өтті. Барлық топтар құттықтаулар дайындап, құттықтау хаттарын рәсімдеді. Топтар өз құттықтауларын бір-біріне ұсынып, бейбітшілік пен гүлдену, бақыт пен табыс тіледі.

«Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» студенттерінің құттықтаулары.

«Есеп және аудит» бөлімінің студенттері бір-бірін Наурыз мерекесінің басталуымен құттықтауы.

«Агрономия» бөлімінің студенттері бір-бірін құттықтауда.

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бөлімдерінің1 курс студенттері бір-бірін құттықтау үстінде.

Наурыз - жер бетіндегі барлық адамдардың бірлігі мен табиғаттың мейрамы, үйлесімділік, жарық пен жақсылық мерекесі! Бүгінгі күні Наурыз мейрамы жалпыхалықтық көктем, еңбек және бірлік мерекесіне айналды. Бүгінде бұл мереке көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтарға бірдей қымбат.



Текст
Виртуальная приемная