қайта даярлау және біліктілігін арттыру Орталығындағы орман шаруашылығы қызметкерлерінің курстық дайындығы

30.10.2020

Орман күзеті қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін арттыру мақсатында 2020 жылдың 23 қыркүйегі мен 22 қазаны аралығында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК жанындағы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының қызметкерлерін 1508052 «Орманшы» біліктілігімен 150800 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылысы» мамандығы бойынша 20 адам оқытылды.

Сабақтар SOVA білім беру платформасын пайдалана отырып, қашықтықтан өткізілді. Сабақтарда арнайы пәндер оқытушылары А.Б.Қойшыбай, С.В.Костылева, С.А.Соколовская, М.Ш.Молдыбаев, О.А.Калининаның жетекшілігімен орман және жануарлар әлемін қорғау, күзету, пайдалану, молықтыру мәселелері қарастырылды.

Курс қорытындысы бойынша теориялық және практикалық екі бөлімнен тұратын емтихан қабылданды. Теориялық бөлім тестілеу түрінде өтті. Тыңдаушылар 30 тест сұрағына жауап беру кезінде орташа нәтиже 24 дұрыс жауапты құрап, жақсы нәтиже көрсетті. Емтиханның практикалық кезеңі барысында тыңдаушылар ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін, орман зиянкестері мен ауруларын анықтауда, өлшеу құралдарымен жұмыс жасауда өз біліктері мен дағдыларын көрсетті. Курс қызықты және белсенді өтті, оның нәтижесі бойынша куәліктер және 1508052 «Орманшы» біліктілігі берілді.



Текст
Виртуальная приемная