«Жас маман» жобасы іске асырылуда

07.06.2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында «Жас маман» жобасы әзірленді және іске асырылуда.

Бұл жоба еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қолдауға, 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғыртуға және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізуге бағытталған.

«Жас Маман» жобасы - бұл оқу орындары үшін материалдық базаны кеңейтуге және жақсартуға тамаша мүмкіндік. Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи жабдықтар болашақ мамандарды оқытуда жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатқан өңірдегі оқу орындарының бірі болып табылады.

2021 жылы жобаға сәйкес біздің колледждің автотракторлық паркі «John Deere» маркалы жаңа трактормен толықты.

Мамыр айында 510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша колледж студенттері осы трактормен жүргізу және жер өңдеудің негізгі дағдыларын үйрену үшін оқу алаңдарына барды. Жүргізуді өндірістік оқыту шебері В.И.Фролов өткізді. Студенттер «John Deere» тракторының артықшылығын бағалады. Оның оңай басқарылуы мен ыңғайлы еңбек жағдайлары ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар студенттер жаңа трактордың жұмысына жоғары баға берді.



Текст
Виртуальная приемная