Білікті маман – болашағы зор мемлекеттің тұтқасы

24.05.2024

Қай саланы болмасын білікті маман дөңгелетпесе өрге емес керіге кетері сөзсіз. Көзсіз ерлік жасай беретін жабайы орманда емес, алға қарай қарыштап дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Білімді кадр мемлекеттің титтей болсын тетігін бітеуге ат салысады. «Үлкен болашағы бар мамандықтар жоқ, бірақ үлкен болашағы бар кәсіпқой мамандар бар», бұл фраза қазіргі уақытта өте өзекті болып келе жатқан белгілі бір саладағы болашақ мамандардың кәсіби дайындығының сапасын жақсы анықтайды. Біздің дамушы қоғамдағы әрбір мамандық маңызды және әр адам дұрыс таңдау жасай отырып, өз ісінің шебері бола алады, өзін жұмыста, танымда, іс-әрекетте және өмірде жүзеге асыра алады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылы «Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» әзірленіп, бекітілді, оның басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Бұл ретте осы салада негізгі орынды «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»мамандығы алады. 2024 жылғы 20-25 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысының 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобаны іске асыру бойынша Жол картасының көрсеткіштерін орындау мақсатында «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында 07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 7 өндірістік шебері тағылымдамадан өтті: «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі», «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ, «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ, «Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ, «Тимирязев агротехникалық колледжі» КММ, «Петровск аграрлық-техникалық колледжі»КММ. Теориялық білімді арттыру және практикалық дағдыларды бекіту мақсатында 21 студент «Заманауи ауыл шаруашылығы техникасын зерттеу» тақырыбы бойынша оқудан өтті. Тағылымдама бағдарламасын іске асыру барысында 2021 жылы «Жас маман» республикалық жобасы аясында колледж сатып алған заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары пайдаланылды: «John Deere» доңғалақты тракторы, «John Deere» маркалы астық жинау комбайны, «John Deere» тракторының оқу тренажері, отын аппаратурасын баптау және реттеу жөніндегі стенд. Практикалық сабақтар колледждің оқу зертханалары мен шеберханаларында өтті. Тағылымдама мен оқыту белсенді және жемісті өтті. Тағылымдама барысында өндірістік оқыту шеберлері тәжірибе алмасты, кәсіби шеберліктерін жетілдірді, ауыл шаруашылығында қолданылатын инновациялық технологияларды зерттеді. Білім алушылар жаңа заманауи ауыл шаруашылығы техникасында жүргізудің практикалық дағдыларын игере алды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін өндірістік оқыту шеберлері «Атамекен» ҚР ҰКП Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен келісілген сертификаттар алды. Оқудан өткен студенттерге «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі»КМҚК сертификаттары табысталды.

Директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Ждаморев А. П.



Текст
Виртуальная приемная