Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі агроөнеркәсіптік кешен мен өңірдің және жалпы елдің басқа да салалары үшін жұмысшы кәсіптері мен орта буын білікті мамандарын даярлауды жүзеге асырады. Колледж 2020 жылдың желтоқсан айында 11 білім беру бағдарламасы мен 35 біліктілік бойынша «Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (АРТА) агенттігі арқылы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтті. 2021 жылдың қыркүйегінде Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде білім алушылар құрамы 504 адамды құрады, оның ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша - 399 адам, сырттай оқу нысаны бойынша – 105 адам. Колледжде келесі мамандықтар бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады: - Агрономия; - Ветеринария; - Ауыл шаруашылығын механикаландыру; - Орман шаруашылығы; - Ет және ет өнімдерін өндіру; - Есеп және аудит; - Сүт және сүт өнімдерін өндіру; - Тамақтандыруды ұйымдастыру; - Дәнекерлеу ісі. Оқу орнында екі оқу корпусынан, оқу залы бар кітапханадан, акт залынан, ветеринариялық емханадан, спорт кешенінен, екі жатақханадан, медициналық пункттен, асханадан тұратын берік материалдық-техникалық база құрылған, колледжде колледж тарихының мұражайы, ветеринариялық бөлімнің мұражайы жұмыс істейді. Оқыту сабақтар, дәрістер, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, зертханалық, бақылау және дербес жұмыстар, кеңес берулер, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі. Колледжде жеткілікті оқу кабинеттері мен зертханалары бар, олардың тізбесі іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарларына сәйкес келеді, сондай-ақ қажетті оқу-өндірістік учаскелер бар, тиісінше оқу тәжірибелері мен өндірістік оқыту колледж базасында өтеді. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтары үшін қару бөлмесі, кедергілер жолағы, плац, кабинет талаптарға сәйкес ресімделген, компьютермен жабдықталған. Білім алушылардың дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру сабақтарын өткізу үшін спорттық керек-жарақтармен жабдықталған үлкен және кіші спорт залдары бар. Жазғы уақытта дене шынықтыру сабақтары ашық стадионда өткізіледі, онда волейбол, баскетбол алаңдары, шағын футбол алаңы (жасанды шөп жамылғысы бар), үлкен футбол алаңы, жүгіру жолы, жаттығу снарядтары кешені бар. Стадион аумағында балалар спорт алаңы орналасқан. Қысқы уақытта хоккей корты, шаңғы базасы жұмыс істейді. Колледжде қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін «Тайга СТ – 500» қарда жүргіш, Tisa және Fischer шаңғылары, хоккей конькилері, WALTHER LGM пневматикалық винтовка бар. Оқу тәжірибесі оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда және өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пәндер оқытушысының, өндірістен білікті маманның басшылығымен жүзеге асырылады. Кәсіптік тәжірибе тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарында жүргізіледі және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Технологиялық және дипломалды тәжірибеден өту үшін облыстың бірқатар ірі шаруашылықтарымен, кәсіпорындарымен және агроқұрылымдарымен шарттар жасалды, бүгінгі күні студенттер «Леонтьев ет комбинаты» ЖШС, «Булаев орман шаруашылығы» ММ, «Білім беру бөлімі» ММ, «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Зенченко және К» КС, «Ильинское» ЖШС, «Атамекен-Агро-Есіл» ЖШС, «Азия-Таранғұл» ЖШС, «Агрохимснаб» ЖШС, «Петровка-Есіл» ЖШС, «Гарагуль» ЖК, «Кирюхина» ЖК, «Орлингорск орман шаруашылығы» ММ, «Лесное» ШҚ, «Фрегат» ЖШС, «Есіл орман шаруашылығы» КММ, «Қызылжар орман шаруашылығы» ММ, «Молсервис» ЖШС, «Молочный союз» ЖШС, «Ахмутдинов» ЖК, «Амангелді-Есіл» ЖШС, «Козбаев және К» ЖШС, «Салют» ЖШС, «Табыс-Агро» ЖШС, «Адай А» ЖК, Есіл аудандық РТИ ВБК және ҚР АШМ," «МКК және ШЖҚ «Есіл ауданының Ветеринарлық станциясы», «Заградовка» ЖШС, «Шаров» ЖК, «Ебжанов және К» ЖШС және т. б. сияқты кәсіпорындар базасында кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие. Әлеуметтік серіктестер базасында 2021-2022 оқу жылында кәсіптік тәжірибеден өткен студенттер саны 181 адам, оның ішінде ақылы жұмыс орындарында – 25 адам. Тәжірибе базалары ұйымның мамандануы мен деңгейін ескере отырып анықталады. Колледжде «Агрономия», «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Сүт өнімдерін өндіру», «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша оқу тәжірибелері өткізіледі. Оқу орнының оқу-өндірістік шаруашылығы 391 га ауыл шаруашылығы алқаптарын құрайды. Оқу-тәжірибелік алаң студенттерді оқу-өндірістік оқытудың негізгі базасы болып табылады, егістік алқаптарын, ауыспалы егісті және егістік дақылдарының шығымдылығына пестицидтерді енгізу ерекшеліктерін зерттеу бойынша ұзақ тәжірибе жүргізіледі. 2015 жылы өз қаражаты есебінен әр түрлі ауылшаруашылық жануарлары ұсталатын мал шаруашылығы фермасы салынды және пайдалануға берілді. «Ветеринария» мамандығының студенттері оқу фермасындағы тәжірибелік сабақтарда жануарлардың жағдайын дербес диагностикалай алады, тәжірибеге ие бола отырып, емдеу әдісін таңдай алады. Сондай-ақ, колледждің МТБ студенттер өндірістік оқудан өтетін слесарлық және дәнекерлеу шеберханаларымен жабдықталған. 2019 жылы колледж «Жас маман» жобасына қатысып, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту және «Агрономия», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ветеринария», «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Сүт өнімдерін өндіру» мамандықтары бойынша заманауи жабдықтар сатып алу үшін 321 554 200 теңге бөлінді. Колледж бірнеше жылдар бойы облыстық және республикалық әдістемелік бірлестіктерді, семинарларды, конференцияларды, байқауларды және т.б. өткізудің бастапқы алаңына айналды. Колледж студенттері тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен әр түрлі кәсіби шеберлік байқауларға, конференцияларға, спорттық іс-шараларға қатысады және әрдайым жүлделі орындарға ие болады. 2017 жылдың қараша айында колледж базасында WORLDSKILLS стандарттары бойынша «Ветеринарлық техник» құзыреттілігінен «Серпін» бағдарламасы студенттерінің қатысуымен 1-ші Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті, «Ветеринария» мамандығының 4 курс студенттері І және ІІ орындарға ие болды. 2017 жылдың сәуір айында колледждің екі студенті Қарағанды облысы «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК базасында өткен «Ветеринария» мамандығы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысып, сәйкесінше І және ІV орындарды иеленді. 2018 жылы Павлодар қаласында өткен «Кәсібінің үздігі» байқауында осы жоба бойынша білім алушылар «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша ІІ және ІІІ орындарды иеленді. 2019 жылы Ақмола облысы Қатаркөл ауылында өткен WORLDSKILLS аймақтық чемпионатында «Серпін» бағдарламасының «Ветеринария» мамандығы бойынша студенті ІІІ орынға ие болды. 2019 жылы «Агрономия» мамандығының 3 курс студенті агрономиялық пәндер оқытушысы Е.А.Ионованың жетекшілігімен «WorldSkills Kazakhstan – 2019» өңірлік чемпионатында Чаглинка ауылының жоғары агротехникалық колледжінде «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреттілігі бойынша 3 орын алды. 2021 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының ауылшаруашылық колледжі» МКҚК базасында «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills AQMOLA – 2021» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Біздің колледждің командасы: Абдуманап К. және Гайнутдинова Е. «Ветеринария» мамандығы бойынша 1 жалпыкомандалық орынға ие болды. 2019 жылы «Сұңқар» шаңғы жарысы бойынша облыс чемпионатында жаттықтырушы К.П.Закириннің жетекшілігімен колледж командасы ІІІ орынға ие болды. 2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Чемпионатында көпсайыстан жаттықтырушы К.П.Закириннің жетекшілігімен колледж студенттері ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық жобасына қатысты: «Энергияның баламалы көздері – біздің аймақтың жақын болашағының бүгіні мен келешегі» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында 1 – орын - Маратова Динара, 2018 ж; «Қазақстан Республикасы колледждерінің топ 100 студенті» республикалық турының қатысушысы - Юсупов Шомурод, 2020 ж. «Қазақстан Республикасы колледждерінің топ 100 студенті» республикалық турына қатысу - Махьянова Мария-Моника, 2021 ж. Колледж базасында «Агрономия», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ветеринария», «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Сүт өнімдерін өндіру» мамандықтары бойынша ауыл шаруашылығы бейінінің құзыреттілік орталығы құрылды, ол Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлерінің аграрлық секторы қызметкерлері үшін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Аталған мамандықтар бойынша ресурстық орталықтың материалдық-техникалық базасы мерзімді түрде жаңартылып отырады, шағын сүт зауыты, ірі қара малды модульдік сою алаңы, машина-трактор паркі жаңартылды, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын сараптау зертханасы заманауи жабдықтармен толықтырылды. Колледжде білім алушылардың әлеуметтік құзыреттерін қалыптастыруға ықпал ететін кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру және оқудан тыс қызмет бойынша табысты оқу қызметі үшін студенттерді қолдау жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе мыналарды қамтиды: ақпараттық, кітапхана ресурстары, студенттер тәжірибесін ұйымдастыру жүйесі, тәрбие жұмысы жүйесі, медициналық қызмет, әлеуметтік-психологиялық қызмет, жатақханамен, тағаммен қамтамасыз ету. Колледж студенттердің барлық санаттары үшін көрсететін әлеуметтік қызметтердің қатарына мыналар жатады: колледждің медициналық пунктіндегі тегін медициналық қызметтер. 1 курс студенттері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттер ыстық тамақ түрінде материалдық қолдау алуға құқылы. Жетім балалар арасынан шыққан студенттер мен үздік оқитын студенттер колледж жатақханаларында тегін тұрады және басқа да әлеуметтік қызметтерді пайдаланады.