Қазақстанда діни экстремизм мен терроризм мәселесі ұлттық қауіпсіздікке шынайы қауіп төндіріп тұр. Осыған байланысты бүгінгі таңда діни - саяси экстремистік ұйымдарды насихаттаудың әсеріне жастардың тұрақты иммунитетін қалыптастыру, жастардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру өте маңызды болып табылады.
Біздің оқу орнымызда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдың 16 ақпанында колледжде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ЦОРИ өкілдері Мұстафин Қанат Жылқыбайұлы мен Нұрмағамбет Нұртас Айбекұлының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-дәріс өтті. Колледж қонақтары 2 және 3 курс білім алушыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді және семинар-дәріс шеңберінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың өзекті мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, спикерлер білім алушыларға Қазақстан Республикасындағы терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негізі туралы түсініктемелер беріп, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге, білім алушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, патриотизмді тәрбиелеуге, экстремизм мен терроризм идеологияларының қауіптілігін түсіндіруге бағытталған.