Қылмыстың алдын алудың негізгі мақсаты - оны тудыратын себептерді жою немесе бейтараптандыру арқылы оны әлеуметтік төзімді деңгейде ұстау. Колледж әкімшілігі 2023 жылғы 30 мамырында педагогикалық ұжым мен студенттердің Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының прокуроры Т.А. Сапаровпен жастар арасында құқық бұзушылықтың, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында кездесуін ұйымдастырды. Тыныбек Әнуарбекұлы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке, жарақаттанудың және сыртқы себептерден қаза табудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударды. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен бостандығына қарсы қылмыстар тақырыбын да қозғады. Кездесуде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері қамтылды. Т. А. Сапаров құқық бұзушылықтардың түрлерін, қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды және құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндірді, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік түрлерін студенттер назарына жеткізді. Сөзінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар негізінен жасырын және сыртқы көрінбейтін сипатқа ие екендігі атап өтілді. Әр түрлі себептерге байланысты жасөспірімдер әрдайым өздеріне қатысты әртүрлі сипаттағы қылмыстар туралы хабарлай бермейді: сенімділікке, өмірлік тәжірибенің жоқтығына, ұят немесе қорқыныш сезіміне байланысты. Әңгіме соңында Тыныбек Әнуарбекұлы кәмелетке толмағандар он төрт жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Әркім басқа азаматтың құқық бұзушылық жасауына жол бермеуі керек, ең бастысы оларды өзі жасамауы керек. Колледж студенттері мен оқытушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды. Прокурормен кездесу барлық қатысушылары үшін пайдалы және мазмұнды болып шықты. Әрбір азаматтың міндеті - әрбір теріс қылық сөзсіз жазаға әкелетінін түсіну!
#АссамблеянародаКазахстана
#балалықшақәлеміқандайғажап
#өзінөзібасқару