Құқық бұзушылықтың алдын алу

26.05.2021

Біздің елімізде 2021 жылдың 20 мамыр күнінен 20 маусым күндері аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-бақытты ел» республикалық айлығы жарияланды.
«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжі» КМҚК - да жарияланған айлықтың алғашқы іс-шарасы-педагог-психолог Валентина Николаевна Юртованың 1 курс студенттерімен «Біз өз іс-әрекетімізге жауаптымыз» атты тренингі.
Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық, адамгершілік санасын тәрбиелеу.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң жасалуы таралуда. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының маңызды себебі олардың жас ерекшеліктері мен адамгершілік тәрбиесіндегі кемшіліктер болып табылады.
Тренинг «Жат қылық» бейне-ролигін көруді қамтыды, соңында студенттер құқық бұзушылық түрлері мен жасалған іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қызығушылықпен талқылады, құқықтық сауаттылық бойынша викторина сұрақтарына жауап берді.
Тренинг «Өзіңізді құқық бұзушылықтан қалай сақтану керек» жадынамаларын таратумен аяқталды.



Текст
Виртуальная приемная