Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

10.03.2020

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта дәріс

2020 жылдың 04 наурыз күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК да Есіл аудандық прокуратурасының прокуроры Куртаев Данияр Жомартұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Данияр Жомартұлы студентерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жайында, студенттердің өздерімен және өздеріне қатысты құқықбұзушылық фактілерді болдыртпау туралы әңгіме құрды. Сонымен қатар, Данияр Жомартұлы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта дәріс оқып берді. Жиынға қатысқан учаскелік полиция инспекторы Сапаров Қ. студенттерге қоғамдық орындарда темекі шегіп, спиртік ішімдіктер ішкені үшін жауапкершіліктері туралы толық түсініктеме берді. Жиын соңында студенттердің түрлі сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді.



Текст
Виртуальная приемная