Колледжде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

16.04.2021

2021 жылдың 6 сәуірінде СҚО дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым - қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері облыс колледждерінде оқитын жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онлайн-кездесу өткізді. Онлайн-кездесуге біздің колледждің студенттері де қатысты.

Кездесу модераторы «Конфессияаралық қарым - қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ талдау және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің эксперт - талдаушысы О.В.Синяков болды. Ол Қазақстанда рұқсат етілген және тыйым салынған діни бірлестіктер туралы, олардың негізгі құндылықтары туралы айтып берді, сондай-ақ халық тарапынан заңсыз іс-әрекеттер (әдебиетті тарату, әңгімелер, кездесулер, интернет-ресурстарды насихаттау мақсатында пайдалану және т.б.) жасалған жағдайындағы жауапкершілік туралы ақпарат берді.

Эксперт - талдаушы өз сөзінде жастар өміріндегі әлеуметтік желілердің рөлін ерекше атап өтті, деструктивті мазмұны бар ақпаратты қарау және тарату үшін қауіп пен жауапкершілік туралы хабардар етті. Сөз сөйлеуші әркімнің діни сенім таңдау еркіндігіне құқығы бар, бірақ деструктивті мақсаттарды көздейтін жалған діни ұйымдарға кірмеу үшін абай болу керек екендігіне баса назар аударды.

Білім алушылар дәріскерді қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, құзыретті жауаптар алды.



Текст
Виртуальная приемная