Тәуелді мінез-құлықтың алдын алу

06.04.2026

«Тәуелді мінез-құлықтың алдын алу» атты тақырыбында студенттермен әңгіме «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК өткізілді.

Кездесу барысында зиянды әдеттердің пайда болу механизмдері, олардың туындау себептері және жасөспірімдер ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы айтылды. «Alko.STOP» атты ойын-викторина барысында қойылған сұрақтарға студенттердің белсенді жауап беруі бұл мәселенің оларды бейжай қалдырмағанын көрсетті. Әрбір қатысушы өз пікірін білдіріп, басқа топтастарының ойларымен келісіп немесе келіспей, пікірталас барысында өз ұстанымдарын қорғауға тырысты.

Іс-шара соңында әлеуметтік педагог С.Г. Коновалова жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға және әрқашан өз таңдауы үшін жауапты екенін есте сақтауға шақырды.

Өсіп келе жатқан ұрпақпен жүргізілетін профилактикалық әңгімелер – екіжақты үдеріс. Біз жастармен пікір алмасқандай, жастар да бізбен өз ойларымен бөліседі. Әрқайсымыз бір ғана маңызды сұраққа жауап іздейміз: «Біз салауатты өмір салтын бірге бастауға дайынбыз ба?»



Текст
Виртуальная приемная