Колледж түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы

04.03.2022

Түлектерді жұмысқа орналастыру колледж жұмысының маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Білім алушылардың колледжді бітіргеннен кейін болашақ өмір жолын дұрыс таңдауы үшін оқу жылында жоғары оқу орындарының өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізіледі. 2022 жылдың 23 ақпанында бітіруші курс білім алушыларымен ҚР ІІМ ҚАЖК «ЕС-164/6 мекемесі» РММ өкілдерімен кездесуі өтті. Кадр саясаты тобының аға инспекторы Әділет капитаны Әсем Еламанқызы Габдуллина түлектерге ҚАЖ қызметінде жұмыс істеуді ұсынды, жұмысқа орналасу кезіндегі талаптар туралы атап өтті. ҚАЖ қызметкерлері негізгі назарды мемлекеттен алатын әлеуметтік кепілдіктерге аударды. Сондай-ақ Әсем Еламанқызы білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға, соның ішінде жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы да жауап берді. Әр адам өз өмірінің мәнін іздеу үстінде. Колледж түлектері үшін бұл кездесу пайдалы болды және болашақта жұмыс орнын табуға көмектеседі деп үміттенеміз.



Текст
Виртуальная приемная