2024 жылы 15 сәуірде «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі»КМҚК -нде «Патриот» айлығы аясында Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, шайқастардың негізгі сәттері туралы айтылды.
Бұл кино фильмді көрсетудің басты мақсаты- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Отанды қорғауда тұрған жақындарымыздың ерліктері туралы, еліміздің батырлары туралы білім алушыларды хабардар ету арқылы жастар ортасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру.
Тарих әрдайым жадымызда болуы қажет. Біз қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт тұрғындарды еске аламыз, орны толмас шығындар үшін қайғырамыз және маңызды күндерді еске аламыз.


