"Сталинград шайқасы" атты көркем фильмінің көрсетілімі

27.04.2023

Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде "Патриот" республикалық әскери-патриоттық айлығы өткізіледі. Бұл Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу айлығы. Барлық іс – шаралар білім алушыларда белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымды қалыптастыру мақсатында өткізіледі; жас ұрпақтың бойында патриотизм, Отанға деген құрмет сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылуда. 2023 жылы 26 сәуір күні колледждің тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, акт залында патриоттық тәрбиені арттыру мақсатында "Сталинград шайқасы" атты көркем фильмі көрсетілді. "Сталинград шайқасы" - Ұлы Отан соғысының шешуші шайқасы туралы баяндайтын киноэпопея. Көркем және деректі таспаның сюжеті - Ұлы Отан соғысы кезіндегі Сталинградтың батырлық қорғанысы (1942). Сталинград шайқасы - Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқастарының бірі, сонымен қатар адамзат тарихындағы ең қатал және қанды шайқастардың бірі, екі жақтың да жалпы шығындары. Көркем фильмді көруге колледжде оқитын студенттер, оқытушылар және колледждің техникалық қызметкерлері қатысты. Бұл фильм бірде-бір қатысушыны бей-жай қалдырмады. Мұндай іс-шараларды өткізу жас ұрпақтың тұлға ретінде адамгершілік қалыптасуына, адамгершілік идеалды қалыптастыруға және білім алушылардың патриоттық қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.



Текст
Виртуальная приемная