Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

05.03.2021

2021 жылдың 03 наурызында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында құқық қорғау органдары өкілдерінің 3-4 курс студенттерімен кезекті кездесуі өтті.

Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары подполковник Б.Б.Жұмағазин, Есіл ауданы ПБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты С.И. Моор, Есіл ауданы білім бөлімінің әдіскері Н.В.Жукова «Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Әңгіме барысында жастардың құқыққа қарсы мінез-құлқының алдын алу (студенттік ортада), Интернет желісінде қылмыстың алдын алу, бұзақылық және бөтен мүлікті иемдену мәселелері айтылды.

Есіл ауданы ПБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты С.И.Моор студенттерді Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалатын және оған кепілдік берілетін жеке адамның конституциялық құқықтарымен таныстырды. ҚР азаматының адамгершілік, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын қылмыстар қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесіне ие. Сондай-ақ, әңгіме барысында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.



Текст
Виртуальная приемная