«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК әлеуметтік педагог «Әртүрліміз, бірақ теңбіз» атты тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – жыныстар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттер өздерінің ішкі әлемін зерттеп, жеке құндылығын түсінуге және жеке шекараларын анықтауға үйренді. Олар түрлі жаттығулар орындап, ойындарға белсенді қатысты. Соның ішінде «Идеал портрет» жаттығуы идеалды студенттің және топтың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыруға, өзін-өзі талдау мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталды. Сабақ барысында студенттер жеке шекара ұғымының мәнін және оның маңызын білді. Өз сезімдері мен эмоцияларын тануға үйреніп, өз пікірін сыпайы түрде қорғау және «жоқ» деп айта білу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, интерактивті жаттығулар орындап, өмірлік жағдаяттарды талқылауға қатысты.
Тренинг достық, белсенді атмосферада өтті. Білім алушылар қызығушылық танытып, өз ойларын ашық білдіріп, қарым-қатынастағы өзара құрмет пен қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы маңызды қорытындылар жасады. Мұндай іс-шаралар эмоционалдық сауаттылықты дамытуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және салауатты тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.

