AgroSkills аймақтық кәсіби шеберлік байқауы

21.04.2021

2021 жылдың 15-16 сәуірінде Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, ауыл шаруашылық колледжі» МКҚК базасында «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills AQMOLA – 2021» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Іс-шараға «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі» КМҚК (Павлодар облысы), «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК (Солтүстік қазақстан облысы), «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК (Қостанай облысы), «Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК (Ақмола облысы) командалары қатысты.

8 қатысушы өздерінің білімдері мен тәжірибелік шеберліктерін көрсетті.

Біздің колледждің командасы құрамында: Гайнутдинова Екатерина Наилевна «Ветеринария» мамандығының 41 топ студенті, Абдуманап Копжан Ибрагимулы «Ветеринария» мамандығының 40 топ студенті, команда жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Еремин Сергей Николаевич болды.

Екі күн бойы қатысушылар келесі модульдер бойынша өз білімдерін көрсетті:

«Сүтті крахмалмен бұрмалау», «Тауық жұмыртқасының овоскопиясы», «Еріту және тұқым сапасын бағалау», «Хирургиялық тігістер салу», «Ауыл шаруашылығы жануарын клиникалық тексеру».

Біздің студенттер байқаудың барлық кезеңдерінде қойылған міндеттерді үздік орындап, жақсы білім мен тамаша нәтижелер көрсете алды. Байқау қорытындысы бойынша колледжге 1-ші жалпыкомандалық орын берілді! Жеке жарыстарда студенттеріміз: Абдуманап Копжан – 1 орынды, Гайнутдинова Екатерина – 5 орынды иеленді.

Қатаң эксперттік қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби дағдыларын бағалады. Қазылар алқасының құрамы: «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы орынбасарының м.а. Сыздыков Агибай Кокишевич; Ветеринария ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің морфология және физиология кафедрасының доценті Ашимов Сагандык Амержанович, Ақмола облысы «Бурабай ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК директоры Каиржанов Аскер Батхоллинович.

Біздің команда мүшелері кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионатын өткізу студенттердің білімін, іскерлігін және еңбек дағдыларын жетілдіруге ықпал ететінін, «Ветеринарлық техник» мамандығына деген қызығушылығын оятатынын, кәсіби қызметте одан әрі өсуге деген ынтаны арттыратынын атап өтті. Қатысушылардың сөзімен салтанатты ашылу, байқау іс-шарасын өткізу, мәдени бағдарлама және байқауға қатысушылардың бос уақытын ұйымдастыру, байқаудың аяқталуы сияқты барлық аспектілері тамаша ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар «Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжі» іс-шарасын ұйымдастырушылардың, оның директоры Савельев Сергей Борисовичтің мейірімділігі мен қонақжайлылығын ерекше атады.

Екатерина мен Копжан өткізілген байқау күндерінің нәтижесінде жаңа достар тауып, жарқын әсерлерге толы және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталанды.



Текст
Виртуальная приемная