"Ветеринария" құзыреттілігі бойынша AgroSkills-2023 өңірлік чемпионаты

05.04.2023

Біздің колледжде жыл сайын "Ветеринария"құзыреттілігі бойынша Аgroskills-2023 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын өткізу дәстүрге айналды. Кезекті осындай іс-шара 2023 жылдың 5 сәуірінде өтті. Байқаудың негізгі міндеттері: - ерекше көзге түскен студенттерді көтермелеу - "Ветеринария"мамандығын дәріптеу. - "Ветеринария" құзыреті бойынша алдағы WorldSkills-2023 өңіраралық чемпионатына қатысушыларды конкурстық іріктеу. Байқауға 31,41 топ студенттері қатысты: Капезов Темірлан, Капошко Ангелина, Шустарева Виктория, Лавренчук Наталья, Глушкова Валентина, Самуратова Аружан. Қатысушылардың тапсырмаларды орындау кезектілігі жеребе арқылы анықталды және келесі тапсырмалардан тұрды: 1. Қошқарды ашық түрде кастрациялау. 2. Туберкулинизация 3. Овоскопия. 4. Ірі қара малға көктамыр ішіне инъекция салу. 5.Трихинеллоскопия. 6.Құпия тапсырма. Теориялық және практикалық тапсырмаларды конкурсқа қатысушылардың барлығы бірдей орындауға мүмкіндік беретіндей және әрбір қатысушының практикалық дағдылар мен теориялық білімнің барынша толық көрінуіне ықпал ететіндей етіп дайындалды. Сарапшы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Есіл ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК бас ветеринар дәрігері Жәнібеков Сейілқан Әбішұлы болды, ол технологиялық процестің нақты жүргізілуін, жабдықтың дұрыс пайдаланылуын, тапсырмалардың орындалу жылдамдығы мен реттілігін, қатысушылардың нәтижелерін бағалауды қадағалады. Студенттерге осындай маңызды және жауапты кәсіби шеберлік байқауында оларды дайындаған компатриот оқытушыларға қолдау көрсетті. Компатриоттар: Еремин Сергей Николаевич, Садуов Теміржан Әшірбекұлы және Жанайдаров Олжас Қазбекұлы – ветеринариялық пәндер оқытушылары. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын Капезов Темірлан Байжанұлына, екінші орынды Капошко Ангелина Андреевна және үшінші орынды Шустарева Виктория Андреевна иеленді. Конкурс қорытындысында сараптама комиссиясы қорытындыларды шығарып, жақсы нәтижеге көрсеткендерге дипломдар және барлық конкурсқа қатысушыларға сертификаттар табыс етті.



Текст
Виртуальная приемная