«Алтын сақа» Республикалық челленджі

17.11.2023

Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы. 2023 жылы 17 қараша күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Алтын сақа» атты челлендж өткізілді. Білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу мақсатында республикалық челледж ұйымдастырылды. Челленджде ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, құндылықтарын қастерлеу, білім алушыларды асық ойынына баулу міндеті қойылды. Челленджге қатысушылар асық ату «Бес табан» ойынын ойнады және қыз балалар«Бес асық»ойынын ойнады. Асық ойыны білім алушылардың бойында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулиды, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын арттыру мақсатында өткізілді. Ойын өте қызық өтті.



Текст
Виртуальная приемная