"Мектеп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

01.11.2023

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Мектеп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК әлеуметтік педагогы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Ж.Д. Ибрахимовамен бірлесіп, қару-жарақ пен суық заттарды алып жүру фактілерін анықтауға, алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтауға баса назар аудара отырып, профилактикалық сұхбат жүргізілді. Құқықтық сағат 2023 жылғы 26 қазанынан 2 қарашасына дейін республика аумағында «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, оның мақсаты оқу орындарының білім алушылары арасында профилактикалық жұмыс болып табылады. Осылайша, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Ж.Д. Ибрахимованың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қару-жарақ пен суық заттарын алып жүруді анықтауға, алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын тұтынудың алдын алуға баса назар аудара отырып, сұхбат өтті.



Текст
Виртуальная приемная