«Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рөлі».

11.09.2024

Ж.Қизатов атындағы Жоғары ауылшаруашылық колледжінде 11.09.2024 ж. 1 курс студенттері арасында «Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рөлі» тақырыбында әңгіме өткізді. «Отанымыздың аумақтық тұтастығын сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Ежелден ата-бабаларымыз жерімізге ешкімнің қол сұғуына жол бермей, оны сақтауды бізге өсиет етіп қалдырған. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай қастерлеу – басты міндетіміз. Ұрпақтарымызға біртұтас, қуатты мемлекет қалдыруымыз керек. Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты қорғау арқылы ғана біз озық әрі дамыған мемлекет құра аламыз. Қарулы күштер осы іргелі құндылықтарды сенімді қорғауға шақырылады», - деді Президент жалпы армиялық жиында сөйлеген сөзінде. Бұл әңгімеде көрініс тапқан негізгі сұрақтар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы, Мемлекеттік егемендік және оның сипаттамасы, Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Барлық студенттер бұл мәселелерді белсенді түрде талқылап, өмірден алынған мысалдар негізінде өз дәлелдерін келтірді. Барлығы да еліміздің нағыз патриоттары екенін көрсетті.



Текст
Виртуальная приемная