2025 жылдың 13 қыркүйегінде «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Ақ қайың» жатақханасында тәрбиеші С.А. Аманова «Отбасы әл-ауқаты» тақырыбында іс-шара өткізді. Мақсат — отбасылық құндылықтарды түсінуді қалыптастыру, қарым-қатынасты нығайту, ата-аналарға құрмет пен отбасына жауапкершілікті дамыту — отбасының рөлі, тиімді қарым-қатынас, қақтығыстарды шешу, сүйіспеншілік пен қолдау көрсету тақырыптарын талқылау арқылы іске асырылды. Отбасы әл-ауқаты — әр мүшенің үлесіне тәуелді, қауіпсіздік, құрмет пен сүйіспеншілік сезімі қамтамасыз етілген күй екені атап өтілді. Студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойды; олардың айтуынша, кездесу шабыттандырып, отбасы әл-ауқатының маңызы туралы ойлануға түрткі болды


