Отбасы - өткеннің, бүгіннің және болашақтың басты құндылығы. Бұл құндылықты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау біздің қолымызда." Осындай тезис бойынша 2023 жылы 15 мамыр күні " Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК әлеуметтік педагогі С. Г. Коновалова "Отбасылық құндылықтар" атты дөңгелек үстел өткізді. Студенттер отбасылық құндылықтардың қалыптасуына не әсер ететінін, әр білім алушының отбасында қандай құндылықтар бар екенін талқылады. Сондай-ақ, кіші топтарға бірігіп, студенттер отбасының идеалды моделін сипаттады. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұл дөңгелек үстелдің өзектілігін асыра бағалау қиын. Азат ету сылтауымен дәстүрлі құндылықтар жойылып, тұтынушылық қатынастар дамиды. Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас. Жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!