Семинар «Инклюзивті білім берудің негізгі аспектілері»

15.11.2024

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК ерекше білім қажеттіліктері бар оқушыларды даярлау бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында «Инклюзивті білім берудің негізгі аспектілері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда С.В.Костылева мен С.Г.Коновалова «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы инклюзивті оқытудың негізгі аспектілері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарында алған білімдерімен бөлісті. Инклюзивті процестердің білім беру жүйесінде дамуы, даму ерекшеліктері бар студенттер үшін бейімделген білім беру ортасын құру мәселелері, инклюзивті білім беру жағдайында жұмысты ұйымдастырудың түрлі әдістері мен формалары талқыланды. Колледждің әдіскері Е.А.Ионова инклюзивті білім беру қызметтерін көрсету барысында құжаттаманы рәсімдеу және жүргізу ерекшеліктерімен таныстырды. Семинар нәтижелі өтті, оқытушылар пайдалы ақпарат алды.



Текст
Виртуальная приемная