«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде» КМҚК Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында студенттердің Явленка аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесуі өтті. Бұл кездесу колледждің әлеуметтік педагогы мен медицина қызметкерінің ұйымдастыруымен өткізіліп, жастарға өз ағзаларына өздері жауапты екендерін түсіндіру мақсатында жүргізілді. Явленка аудандық орталық ауруханасының жасөспірімдер дәрігері А.С. Жасуланова студенттерге салауатты өмір салтын ұстану туралы дәріс-сұхбат өткізді. Кездесу барысында медбике М.О. Асқарова зиянды әдеттер (шылым шегу, алкоголь және есірткі қолдану) және олардың қорқынышты салдары туралы сөз қозғап, сонымен қатар ЖИТС/АИТВ қазіргі қоғамдағы ең үлкен мәселелердің бірі екеніне назар аудартты. «Жастар мұндай зиянды заттардан аулақ болу керек, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстану қажет», –деп атап өтті Меруерт Ойратқызы және студенттерге «Закладка» атты деректі фильмді көруді ұсынды. Себебі салауатты өмір салты біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды сәтті жүзеге асыруға және қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Біз жастарға түрлі азғырулар көп кездесетін заманда өмір сүріп жатырмыз, олар ақырында олардың денсаулығын құртады. Жастардан жиі «жеңілдік, сергектік және күш-қуат сыйлайтын ғажайып сусындар» туралы естиміз. Бұл жерде энергетикалық сусындар туралы сөз болып отыр. Бірақ олар шын мәнінде жасөспірімдер ойлағандай қауіпсіз бе? Әлеуметтік педагог С.Г. Коновалова студенттерге энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянды әсері, жауапкершілікті мінез-құлық дағдысын қалыптастыру және энергетиктерден саналы түрде бас тарту туралы ақпарат берді. Қызығушылықты арттыру үшін «Энергетиктер сені қаншалықты тез өлтіреді» атты мотивациялық бейнеролик көрсетілді. Кездесу соңында студенттер өз денсаулықтарын сақтау, белсенді өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы қорытынды жасады, өйткені адам — өз денсаулығының жасаушысы