«Қатыгездікке жол жоқ!»

11.11.2022

2022 жылы 11 қараша күні «Балалық шақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы» акциясын өткізу аясында колледждің акт залында балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне арналған барлық курс студенттері үшін «Қатыгездікке жол жоқ!» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны колледждің әлеуметтік педагогі мен психологі ұйымдастырды. Сынып сағатында «зорлық-зомбылық», «агрессия», «қатыгездік» терминдерінің мағыналарын ашты, бұл атаулар қайдан пайда болды және қандай мағына береді?, - деген сауалдарға жауаптар алынды. Студенттер іс-шара барысында белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдірді. Сонымен қатар іс шара білім алушыларға бейнероликтер көрсетумен жалғасын тапты. Сынып сағаты басқаларға немқұрайлы қарау, өз мәселелерін жасырмау, сондай-ақ зорлық-зомбылық фактілері анықталған жағдайда әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарына немесе полицияға жүгіну керек екендігін айтып қорытынды жасалынды. Іс-шара соңында сенім телефонының нөмірі жазылған буклеттер таратылып, зорлық-зомбылық фактілеріне бей-жай қарамауға шақырды.



Текст
Виртуальная приемная