Жұмыс берушілермен ынтымақтастық: колледж студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер

17.09.2025

2025 жылғы 17 қыркүйек күні КМҚК «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС-нің басшысы Александр Александрович Фадеевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында колледждің білім алушылары мен оқытушыларының қатысуымен мазмұнды әңгіме өрбіді. Александр Александрович кәсіпорын базасында сүт-тауарлы ферма ашу жоспары туралы айтып, жобаны іске асыруға байланысты, ең алдымен, білікті ветеринарлар мен сүтті қайта өңдеу технологтарына сұраныс артатынын ерекше атап өтті.
Білім беру ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылды. Кәсіпорын колледж студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізуге және кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.
Осындай кездесулер оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтеді әрі олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына нақты мүмкіндіктер тудырады.



Текст
Виртуальная приемная