«Көңілді старт» спартакиадасы

20.10.2022

Бүгін, 2022 жылдың 20 қазанында Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде спорттық эстафета өткізілді. Оған 21, 22, 24 және 34 топтардың студенттері қатысып, өз командаларын "солтүстік", "оңтүстік", "батыс", "шығыс"деп атады. Жарыс Республика күнін мерекелеуге орайластырылды және 6 конкурс бойынша өтті: 1.Командалардың амандасуы 2.Шаттлмен жүгіру 3. Пинк понг 4.Қаппен секіру 5.Капитандар сайысы (1 минутта гір көтеру) 6.Доптармен эстафета. Жарысқа қатысушылар күш, ептілік, тапқырлық, шапшаңдыққа жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша 4 орынды "Батыс" командасы, 3 орынды "Шығыс" командасы, 2 орынды "Оңтүстік" командасы иеленді және "Солтүстік"командасы жеңімпаз атанды.



Текст
Виртуальная приемная