"AIDS is a death trap"

06.12.2024

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні өз өзектілігін сақтап, адамдарға АИТВ мәселесі әлі де толық шешілмегенін еске салады. «Ж.Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің» КМҚК жатақханасында әлеуметтік педагог пен медициналық қызметкердің студенттермен «ЖИТС – өлімнің қақпаны» тақырыбында әңгімелесуі өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау колледждің басым бағыттарының бірі болып табылады, ал жатақханада жасөспірімдермен профилактикалық іс-шаралар өткізу оң нәтиже береді. Мұнда зиянды әдеттердің алдын алу: нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу мәселелері бойынша жастар арасында жүйелі жұмыс жүргізіліп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау және адамның рухани бағдарын анықтауға көмектесетін үздік әдеби шығармаларды насихаттау жүзеге асырылады. Студенттермен тікелей қарым-қатынастан кейін әлеуметтік педагог жасөспірімдердің назарына «АИТВ-ты қалай әдейі жұқтырады?» атты танымдық фильмді ұсынды. Біздің кездесулерімізге қатысатын жастар әрдайым бірден ынтамен кіріспегенімен, ақпаратты тыңдап, проблеманың маңыздылығын түсіне бастайды.



Текст
Виртуальная приемная