Спорттық флешмоб «Бақыт, Күн, достық-бұл балаларға қажет нәрсе!»

29.05.2023

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» республикалық флешмобын өткізу тұжырымдамасы шеңберінде 2023 жылғы 29 мамырында Жалел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінде «Бақыт, Күн, достық – бұл балаларға керек!» тақырыбында спорттық флешмоб ұйымдастырылды. «Болашақ» студенттік Парламентінің активі колледждің жазғы стадионында оқу топтары арасында эстафеталық ойын ұйымдастырды. Балалар жылдамдықпен, ептілікпен, командада жұмыс істей білумен жарысты. Спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылыс студенттерді қатты баурап алғаны соншалық, олар ыстық ауа-райына да көңіл бөлмеді. Ойын өте қызықты өтті және балаларға үлкен ынта, қуат, мотивация тудырды!

#АссамблеянародаКазахстана

#балалықшақәлеміқандайғажап

#өзінөзібасқару



Текст
Виртуальная приемная