2025 жылғы 11 қазанда "Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК ұжымы мен студенттері елдің табиғи ресурстарын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты.
Іс-шара аясында Есіл ауданының аумағында қарағай көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыс аймақты көгалдандыруға ықпал етіп қана қоймай, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және экологиялық тепе-теңдіктің маңыздылығын түсінуін қалыптастырады.
Колледж студенттері мен оқытушылары ортақ іске-Қазақстанды таза әрі жасыл етуге ынталы және бірлік сезімімен үлес қосты. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті, азаматтық белсенділікті және туған өлкенің болашағына қамқорлықты тәрбиелеуге көмектеседі.
Таза табиғат-біздің ортақ мұрамыз. Әрбір отырғызылған көшет игі істердің, экологиялық сана мен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналсын!


