Волейбол бойынша жолдастық кездесу

20.03.2025

19 наурыз күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің базасында білім беру саласының оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Оған Петропавл ауыл шаруашылығы-техникалық колледжінің директоры Салмуканов Ерлан Николаевич бастаған командасы шақырылды. Бұл спорттық шара көктемнің ұлы мейрамы – Наурыз мейрамын атап өту аясында ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңіл-күйде болып, іс-шарадан ерекше әсер алды.



Текст
Виртуальная приемная