Қазақ ұлтының салт-дәстүрлері

19.03.2025

«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Қазақ ұлтының салт-дәстүрлері» тақырыбында интеллектуалды конкурс өткізілді. Іс-шараның мақсаты: - студенттер арасында қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімді насихаттау; - дәстүрлердің маңыздылығын қазіргі заман тұрғысынан қарастыру; - қатысушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Білім алушылар қазақ халқының дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, «Stand-up: дәстүрлер vs қазіргі заман» сайысы барысында қазақ халқының дәстүрлерін қазіргі өмірмен байланыстырып, сахналық қойылымдарда қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін шынайы өмірде қалай қолдануға болатынын көрсетті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері интерактивті әрі көңілді форматта көрсетілді, бұл білім алушыларға ұлттық мәдениетті жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.



Текст
Виртуальная приемная