«Жыныстық жетілу туралы түсінік» тренингі

25.12.2025

Психолог бірінші курс студенттерімен ересектікке өтудің маңызды кезеңі болып табылатын жыныстық жетілу тақырыбына арналған тренинг өткізді. Кездесу барысында физикалық және эмоционалдық дамудың ерекшеліктері, есеюдің жеке қарқыны, өзін-өзі бағалаудың және жеке шекаралардың қалыптасуы талқыланды.

Сабақ ашық диалог форматында өтіп, студенттерге өзін жақсырақ түсінуге, мазасыздық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өз денсаулығы мен тұлғалық дамуына саналы түрде қарауға ықпал етті.

Іс-шараның соңында студенттер өз болашақ балаларына жасөспірім шақта өзін қалай ұстау керектігі және қарсы жыныспен қалай дұрыс қарым-қатынас орнату туралы хат жазды.



Текст
Виртуальная приемная