«Тірек нүктесі» тренингі

06.05.2025

Біріңғай психологиялық денсаулық күні аясында «Ж. Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК 1 курс студенттерімен педагог-психолог «Тірек нүктесі» атты психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – эмоционалдық тұрақтылықты дамыту, қиын өмірлік жағдайларды еңсеру үшін қажет ішкі және жеке ресурстарды сезіну. Тренинг барысында студенттер өз-өзін реттеу дағдыларын қалыптастыруға, қолдау ресурстарын табу мен пайдалануға, өзін-өзі бағалау мен сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығуларға қатысты.



Текст
Виртуальная приемная