«Болашаққа бірге!» шығармашылық флешмобы

30.05.2023

Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күніне «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК Покровка орта мектебінің көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды шақырады. Биылғы жылғы іс-шара «Болашаққа бірге!» ұранымен «Балалық шақ әлемі қандай ғажап» республикалық флешмобы аясында өткізілді. Қонақ балалар колледж студенттерімен ән айтып, би билеп, асфальтқа сурет салып, өздерін нағыз спортшылар және тату мектеп балалар ұжымы ретінде көрсетті. Барлық балалар өздерінің ең үздік шығармашылық қасиеттерін көрсетіп, шағын тәтті сыйлықтар алып, келесі жылы қайта келуге ниет білдіріп, бақытты күйде үйлеріне кетті.

#АссамблеянародаКазахстана

#балалықшақәлеміқандайғажап

#өзінөзібасқару



Текст
Виртуальная приемная