Біздің колледжде еріктілермен белсенді жұмыс жүргізілуде.

10.03.2020

Колледждің білім алушыларымен 7 негізгі бағыт бойынша еріктілік дамытылуда. Бұл білім беру, экологиялық волонтерлық, репетиторлық, қиын жағдайдағы адамдарға көмектесу, қарт адамдарға көмек көрсету, сонымен қатар рухани, мәдени және тарихи құндылықтарды сақтауға еріктілік. Білім беру еріктілігі аясында біздің білім алушылар Покровка ауылындағы «МОНШАҚ» балабақшасында жұмыс жүргізе бастады. Бұл репетиторлық және іс-шараларды ұйымдастыруға көмек. Білім алушыларымыз жоғары топтарда ағылшын және қазақ тілдерінде сабақ өткізуге қатысады. Әрине, мұндай сабақтарды жүргізуде тәжірибелері болмағандықтан, тәрбиешілердің бақылауымен өткізеді. Репетиторлық аясында олар тиісті топтардың білім беру бағдарламаларын ұстанады. Балабақша басшылығымен мерекелік іс-шараларды өткізуге көмек жоспарлануда. Еріктілер жалғыз тұратын қарттарды, еңбек ардагерлерін де назарсыз қалдырмайды. Қарды тазартуға көмек көрсететін топтар ұйымдастырылды. Еріктілердің бұдан да үлкен игі істері жоспарлануда, сондықтан олардың жасаған істеріне сәттілік тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная