«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» еске алу кеші

30.05.2024

«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Іс-шара барысында студенттер сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандары , қайғылы оқиғалар туралы бейнероликтерді тамашалады. Іс-шара соңында студенттер қазақ зиялыларының қайғылы тағдырына арналған патриоттық өлеңдерін оқыды.



Текст
Виртуальная приемная