Ветеринария» құзыреттілігі бойынша «AgroSkills» аймақтық кәсіби шеберлік байқауы

30.03.2022

2022 жылдың 25 наурыз күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауын өткізілді, оған «Ветеринарлық техник» біліктілігімен «Ветеринария» мамандығының 3 курс білім алушылары қатысты.

Байқауды өткізудің мақсаты - ветеринар мамандығының беделін арттыру болып табылады.

Бұл байқау білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Іс-шара барысында байқауға қатысушылар таңдаған мамандығы бойынша алған дағдылары мен білімдерін бекітті, байқау қорытындысымен болашақ үздік маман анықталды.

Байқау бес кезеңнен тұрды:

  • Қошқарларды ашық әдіспен кастрациялау
  • Туберкулинизация
  • Овоскопия
  • Венаішілік дәрі жіберу
  • Трихинеллоскопия
  • Құпия тапсырма

Байқауға қатысушылардың жұмысын келесі құрамдағы білікті қазылар алқасы бағалады:

Бас сарапшы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Есіл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК бас мал дәрігері С. Э. Жәнібеков;

Сараптау комиссиясының мүшелері: Ветеринарлық пәндер бөлімінің меңгерушісі И.А.Смирнов, ЦӘК төрайымы А.С.Абылхалимова, ветеринарлық пәндер оқытушысы С.Н.Еремин, ветеринарлық пәндер оқытушысы Т.А.Садуов;

Компатриот: ветеринарлық пәндер оқытушысы О.К.Жанайдаров.

«Ветеринария» құзыреттілігінен «AgroSkills» аймақтық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы бойынша 1 орын - Махьянова Мария-Моника Александровнаға, 2 орын - Кузнецов Кирилл Евгеньевич, 3 орын - Капезов Темірлан Байжановичке берілді, сондай-ақ «Ветеринария» мамандығы бойынша «AgroSkills» чемпионатына белсенді қатысқаны үшін Глушкова Валентина Сергеевна қатысушы сертификатымен марапатталды.

Кәсіби шеберлік байқаулары білім алушыларға алған тәжірибелерімен бөлісуге, осы бағыт бойынша өз кәсібилігін көрсетуге мүмкіндік береді. Келген қонақтарға оқу орны бойынша экскурсия жасалды. Іс-шара қонақтарға да, қатысушыларға да жағымды әсер қалдырды.



Текст
Виртуальная приемная