«АИТВ: әрқайсысын тыңдау»

24.11.2021

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясының «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» тақырыбында онкүндік өткізу аясында: «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті жеңу. Пандемияны тоқтату.» ұранымен Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС ауруының статистикасына қатысушылардың назарын аударған кітапхана қызметкері К.Б.Гайсинаның ұйымдастыруымен «Қазақстандағы ЖИТС: дабыл белгілері» атты иллюстрацияланған кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Студенттердің назарына ауру тарихы, вирустың таралу жолдары, синдромдар мен қауіп топтары, АИТВ-инфекциясын емдеу және алдын алу туралы әдебиеттер, нашақорлық мәселелеріне арналған кітаптар, жоғарыда аталған кейбір тақырыптар бойынша ақпарат беретін ақпараттық буклеттер мен жадынамалар ұсынылды.



Текст
Виртуальная приемная